Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол шетінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан скутер жүргізушісі мен жолаушы мерт болды

Жарияланған күні:

скутер
Скутер. Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде жол шетінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан скутер жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

​Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 қазанда сағат 4:45-те Ақтөбе қаласы Ряхов көшесінде тіркелді. 18 жастағы скутер жүргізушісі жол жиегінде тұрған "КамАЗ" жүк көлігіне соқтығысқан.

​"Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі мен оның 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД өкілдері.

​Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.

Айта кетейік, 7 қазанда Жетісу облысы Алматы – Өскемен автожолының 239 шақырымында Toyota Сamry автокөлігі жолшыбай бағытта келе жатқан "КамАЗ" жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, оқиға салдарына үш адам мерт болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170810-aqtobede-zhol-shetinde-turgan-zhuk-koligimen-soqtygysqan-skuter-zhurgizushisi-men-zholaushy-mert-boldy/