Рудныйда төрт жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Рудныйда 4 адам бункерді тазалау үшін түскен, бірақ шыға алмай қалған. Қаза тапқан төртеуінің денесін құтқарушылар алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
6 қазанда 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам түсіп, қайта шықпағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері , полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.
"Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Жедел медициналық қызмет мамандары олардың көз жұмғанын анықтады", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170882-rudnyida-tort-zhumysshy-qaza-tapty/