Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда төрт адамның қазасына байланысты тергеу жұмыстары басталды

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанай облысының Рудный қаласында 4 жұмысшының қаза болуына байланысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне облыстық полиция департаменті өкілдері хабарлады.

"Төрт адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Еске сала кетейік, облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер 6 қазанда Рудныйда 4 адам бункерді тазалау үшін түскені, бірақ шыға алмай қалғанын мәлім еткен еді. Қаза тапқан төртеуінің денесін құтқарушылар алып шықты.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері , полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.

"Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Жедел медициналық қызмет мамандары олардың көз жұмғанын анықтады", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Автор: Айнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171043-rudnyida-tort-adamnyng-qazasyna-bailanysty-tergeu-zhumystary-bastaldy/