Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы өрт: тілсіз жаумен күрес қалай жүріп жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру жұмыстары
Өрт сөндіру жұмыстары. Фото: ТЖМ

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ өрт сөндіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомсто мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр.

"Қазіргі уақытта Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, "Баянауыл" МҰТП 609 адам және 110 техника, "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.

Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.

Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Ал бүгін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171050-qaragandy-men-pavlodar-oblystaryndagy-ort-tilsiz-zhaumen-kures-qalai-zhurip-zhatyr-video/