Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы өрт оқшауланды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру ұшағы
Өрт сөндіру ұшағы. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Сағат 14.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10000 га дала өрті оқшауланды. Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ. ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты", - делінген хабарда.

Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.

Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Павлодар облысында өрт қалай сөндіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлағанбыз. Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды. Ал бүгін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171119-pavlodar-oblysy-baianauyl-audanyndagy-ort-oqshaulandy/