Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда автокранның астында қалып қойған жігіт құтқарылды (видео)

Жарияланған күні:

Құтқарған сәттен кадр
Құтқарушылар жігітті автокран астынан шығарып жатқан сәт. Видеодан кадр: ТЖМ

Талдықорғанда автокранның астында қалып қойған 20 жастағы жігіт құтқарылды. Ол жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Ведомсвто мәліметінше, Талдықорған қаласында жүк көлігі 20 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол көліктің астында қалып, өздігінен шыға алмаған.

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамды сақтықпен шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

Құтқарушылар жылдам әрі кәсіби әрекет етіп, бұл апаттың салдарын барынша азайтуға тырысты.

Айта кетейік, Шымкентте терең шұңқырға құлап кеткен жігіт құтқарылған болатын.

Сонымен қатар Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 37 адам құтқарылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171133-taldyqorganda-avtokrannyng-astynda-qalyp-qoigan-zhigit-qutqaryldy-video/