Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір топ адам ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Жарияланған күні:

Ақтауда ұсталған адамдар
Ақтауда ұсталған адамдар. Фото: Lada.kz

Ақтауда 11 құқықбұзушы ұсталып, олар бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік Lada.kz басылымы хабарлады.

Олардың жолда ұсталған сәті видеоға түсіп қалоған. Желіде полиция қызметкерлерінің үш адамы жолда көлікті тоқтатып, кейін көліктен түскен ер адамдармен төбелес басталған сәт көрсетілген видео жарияланды.

Басылым тілшілерінің мәліметінше, төбелес кезінде 11 адам полицияға қарсылық көрсеткен, ал олардың бірі қашуға тырысқан, бірақ оны ұстап үлгерген. Полицияға көмектесу үшін жетіге жуық патрульдік көлік келген.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында бір топ адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

"11 құқықбұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі қосымша мас күйінде көлік жүргізгені үшін де жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, полиция мәліметінше, құқықбұзушылар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін де жауапқа тартылады.

"Кінәлі барлық адам қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171151-aqtauda-bir-top-adam-ustalgan-satting-videosy-zhariialandy/