Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті

Жарияланған күні:

жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргіншілер жолағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Алматы маңында адам өліміне әкеп соққан жол апатының жай-жапсарын айтып берді.

"Алматы-Бішкек тасжолының 21-шақырымында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деп хабарлады полиция департаменті өкілі.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кішкентай баланы қағып кеткенін хабарлаған едік. Ол дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2172555-almaty-mangynda-zhaiau-zhurginshiler-otkelinde-aiel-adamdy-kolik-qagyp-ketti/