Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Талғар маңында атыс болғаны хабарланды (видео)

Жарияланған күні:

Полиция көліктері
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Желіде Талғар тасжолының бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны айтылған видео пайда болды. Бұл жайтқа Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс болған", - делінген видеоның астындағы жазбада.

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді", - деп хабарлады полицейлер.

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған болатын. Қаза тапқан Шерзат Болат есімді 16 жастағы бозбала екені мәлім болды.

Кейін тәртіп сақшылары күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген кадрларды көрсетті. Жасөспірімнің өліміне қатысты іс қозғалып, 7 адам қамауға алынды.

8 қазанда Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқарып жатқанын хабарлаған.

10 қазанда Талғарда қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов видеоүндеу жасап, істің қазіргі мән-жайын айтып, халықтан митингке шықпауын өтінді.

Тілшіміз оқиға орнына барып, ауыл халқының пікірін біліп келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2172915-zhelide-talgar-mangynda-atys-bolgany-habarlandy-video/