Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы көпірде 8 көлік соқтығысты (видео)

Жарияланған күні:

Соқтығысқан көліктер
Соқтығысқан көліктер. Фото: Қостанай облыстық ПД

Жол-көлік оқиғасы бүгін Қостанайдағы үлкен көпірде болды – көлік құралдарына зақым келтірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ЖКО ауа райының күрт нашарлауына байланысты болған. ПД өкілдері атап өткендей, апаттың себебі – арақашықтықтың сақталмауы. Апатта ешкім зардап шекпеді. Тек көліктерге материалдық шығын келген.

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаға құқықтық баға береді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге Қостанай облысындағы жолдарда көктайғақ байқалып жатқанын ескертті.

Еске салсақ, Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауды, осыған байланысты құтқарушылар мен полиция жүргізушілерге жолдағы жағдайға қатысты ескерту жасады.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты трассаларда шектеулер енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ бүгін Алматы мен Астанада ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы шектеліп, 11 балдық кептелістер байқалды. Ертең Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған – кейбір облыстарда қар, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2173329-qostanaidagy-kopirde-8-kolik-soqtygysty-video/