Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді: Текеліде жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

Жарияланған күні:

Апатқа ұшыраған көлік
Текелідегі жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/zhetysu.police

11 қазанда Текелі қаласында жол-көлік апаты болып, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақат алған. Бұл жөнінде Жетісу облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 11 қазанда Текелі қаласының Әуэзов көшесінде жол-көлік оқиғасы болған. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сіздерді, әсіресе, ауа райы нашарлаған кезде барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Өзіңізді және айналадағы адамдарды сақтаңыз", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, 11 қазанда Қостанайда ауа райының күрт нашарлауына байланысты көпірде 8 көлік бір-біріне соқтығысты. Апат кезінде ешкім зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2173432-ush-adam-qaza-tauyp-ush-adam-auruhanaga-zhetkizildi-tekelide-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy-video/