Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да әкімдік қызметкерінің қатысуымен болған ірі жол апатының видеосы тарады

Жарияланған күні:

Оралдағы жол апаты
Оралдағы жол апаты. Видеодан кадр: Instagram/mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметкері Оралда болған ірі жол апатына кінәлі деген күдікке ілінді. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, деп "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, желі қолданушылары редакцияға жол-көлік оқиғасының видеосын жіберген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш жол апатына қатысты басылымға пікір білдірді. Олардың мәлімдеуінше, мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты іс әлі сотқа жолданбаған.

Батыс Қазақстан әкімдігінің баспасөз қызметі жағдайдың мән-жайын анықтаған соң жол-апатына қатысты пікір білдіруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2174221-bqo-da-akimdik-qyzmetkerining-qatysuymen-bolgan-iri-zhol-apatynyng-videosy-tarady/