Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Алмалы ауданындағы өрт
Алмалы ауданындағы өрт. Фото: NUR.KZ

Алматыда Алмалы ауданындағы көпқабатты үйдің шатыры өртке оранды. Әлеуметтік желіде . оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өрт туралы ақпарат әлеуметтік желідегі көптеген парақшада жарияланды.

Алматы төтенше жағдайлар департменті өкілдері 17 қазанда сағат 11:58-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы Кашгарская көшесі, 69-үй мекенжайы бойынша жіберілгенін хабарлады.

Оқиға орнына жеткен құтқырушылар 8 қабатты тұрғын үйдің шатыры мен пәтерлердің бірі жанып жатқанын анықтаған.

"Оқиға орнында 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, өртке қарсы автосаты арқылы лафеттік оқпандар берілді, адамдар бар-жоғына барлау жүргізіліп жатыр, өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - делінген Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 6 техника жұмылдырылған. ТЖД өкілдері өрттің таралу қаупі жойылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2175405-almatyda-kopqabatty-turgyn-uiding-zhetinshi-qabatynda-ort-shyqty/