Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетіне екі рет оқ атқан": Шымкенттегі кафелердің бірінде жанжал болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі кафелердің бірінде ер адамдар арасында жанжал шығып, оқ атылды. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында кафеде болған жанжалдың видеосы жарияланды.

"Жақында кафеде демалып жатқан ер адамдар арасында жанжал туды. Олардың бірі травматикалық тапаншасын шығарып, екіншісінің бетіне екі рет оқ атқан. Қазір зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - делінген видеоның сипаттамасында .

Арна авторының жазуынша, полицейлер оқ атқан 37 жастағы азаматты тез арада ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

"Құқық қорғау органдары күдікті қашып кетпеуі және қайтадан қылмыс жасамауы үшін тергеу сотынан оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады.

Алайда Шымкенттің тергеу судьясы басқа адамдардың бетіне оқ атқан адамды қамауға алудың қажеті жоқ, кепіл үшін 16 млн теңге жеткілікті деген қорытындыға келді", - делінген жазбада.

Бұл оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Cондай-ақ ПД өкілдері заттай айғақтар тәркіленіп, сараптама тағайындалғанын, тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2177345-betine-eki-ret-oq-atqan-shymkenttegi-kafelerding-birinde-zhanzhal-boldy/