Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды
Жарияланған күні:
Қостанай облысында 4 адам қаза тапқан қайғылы жол апаты болды. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Алау" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Новонежинка мен Жусалы елді мекендерінің арасындағы "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" автожолында 59 жастағы TANK маркалы автомобиль жүргізушісі қозғалысты қарсы жолағына шығып, "ВАЗ-2112" маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
"Апат салдарынан оқиға орнында "ВАЗ" көлігінде болған 4 адам қаза тапты. TANK автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды", - деді полиция депратаменті өкілі.
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында полицейлер 4 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлаған едік. Оқиға Екатеринбург – Алматы тасжолында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2179838-qostanai-oblysynda-zhan-turshigerlik-zhol-apatynan-tort-adam-mert-boldy/