Ақтөбедегі кен орнында екі жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Ақтөбеде "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапты. Олар апаттан оқиға орнында мерт болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы жағдай болған сәттің видеосы instagram-дағы ztz_04_aktobe парақшасында жарияланды.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Қазхром" ТҰК Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде жүк көлігінің аударылуы орын алып, нәтижесінде жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-3-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген полиция департаменті өкілі.
Компания өкілдері марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, сондай-ақ, марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2180849-aqtobedegi-ken-ornynda-eki-zhumysshy-qaza-tapty/