Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында көлік жол жиегінде мас күйдегі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жарияланған күні:

жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында жол бойында келе жатқан мас ауыл тұрғынын көлік қағып кетті. Ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қазанда Шарбақты ауылында болған.

"Volkswagen Passat жүргізушісі сол бағытта мас күйінде жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деп түсіндірді Павлодар облысының жол полициясы.

Оқиға салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тексеру жүріп жатыр.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы 30 қазан күні таңғы сағат 08.30-да Ресей Федерациясы шекарасы – Успен – Павлодар тасжолынlf болды.

"ВАЗ-2121 автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылмай тұрып белгі бермей, сол бағытта басып озған Toyota Previa көлігімен соқтығысып, кейін арыққа аударылып кеткен", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Оқиға салдарынан Toyota көлігіндегі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылып, тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2181683-pavlodar-oblysynda-kolik-zhol-zhieginde-mas-kuidegi-zhaiau-zhurginshini-qagyp-ketti/