Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылаған дауысы естілді": Ақтөбеде екі сәби құтқарылды

Жарияланған күні:

Балаларды құтқару сәті
Балаларды құтқару сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Ақтөбеде жабық пәтерден екі кішкентай бала құтқарылды. Ата-анасы сыртқа шыққанда балалар есікті құлыптап, есікті аша алмай қалған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Екі бала ата-анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.

Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен терезенің торын босатып, сол арқылы пәтерге кірген. Пәтерге кірген тұста қорқып қалған сәбилердің жылаған дауыстары естілді. Сәбилер зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де мұқтаж болмады.

Төтеше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде үш бала лифтіде қамалып қалғанын хабарлаған едік.

ТЖМ Telegram-дағы арнасында шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, балаларға шығуға көмектескені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2184306-qoryqqan-sabilerding-zhylagan-dauysy-estildi-aqtobede-eki-sabi-qutqaryldy/