Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Жарияланған күні:

пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында пойыз темір жол бойында ер адамды қағып кетті. Жас жігіттің құлаққап тағып тұрғаны атап өтілді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Oқиға 8 қараша күні сағат 8:45-те Макинка станциясында болған.

"Пойыз жүргізушісі жолда адамның тұрғанына байланысты жедел тежеуді басқан. Ер адам локомотивтің зор дыбыстық дабылдарына жауап бермеді, қысқа қашықтыққа байланысты соққының алдын алу мүмкін болмады. Жас жігіт құлаққап пен капюшон киіп алған", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

ҚТЖ жолдардағы жарақаттанудың басты себебі - белгіленбеген жерлерде рельстерді кесіп өтетін азаматтардың абайсыздығы мен немқұрайлығы екенін еске салады.

Темір жолдарымен жүруге, жолдардың жанында құлаққаппен, мас күйінде болуға, жылжымалы құрамның астына кіруге тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2185233-aqmola-oblysynda-er-adamdy-poiyz-qagyp-ketti/