Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Бүгін, 15 қарашада Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рульге ие бола алмай қалып аударылған. Бұл туралы облыстық ПД өкілдері хабарлады.
Жол көлік оқиғасы 15 қараша сағат 10.00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Құрма ауылына 2 шақырым жерде болды.
"Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің руліне ие бола алмай қалып аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қоса 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ПД хабарламасында.
Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері көлік жүргізушілерінен жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2187903-qaragandy-oblysynda-zhol-apatynan-zheti-adam-qaza-tapty/