Қостанай облысында үш бала мен атасы иіс тиіп, көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖексенбі, 17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды. Үш бала мен бір ересек адам иіс тиіп, қайтыс болды. Бұл туралы "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында болған.
Көмірқышқыл газынан улану салдарынан 8, 2 және 3 жастағы үш бала, сондай-ақ 1957 жылы туған ер адам көз жұмды. Тағы үш адам – әкесі, анасы және 2020 жылы туған ұлы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.
"Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді", - делінген материалда.
Айта кетейік, 17 қарашада Астанада жекеменшік үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған.
Елорда әкімдігі төрт бала қаза тапқан өрт оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Астана қалалық ТЖД 4 бала қаза тапқан өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2188668-qostanai-oblysynda-ush-bala-men-atasy-iis-tiip-koz-zhumdy/