Рудныйда подъезде итті пышақтаған: полицейлер күдіктілерді іздеп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомРудныйдағы подъездердің бірінде итті пышақтап өлтіріп кеткен. Жануар сол үйдің ауласынан табылған. Полиция тергеуді бастап, кінәлілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды iagorod.kz жергілікті басылымы.
Аймақтық басылымның мәліметінше, үй тұрғындарының бірі подъезд қанға боялғанын көрген.
Кейін көшеде әйел қан жоса болып жатқан итті тапты.
"Жануардың тамағын кесіп жіберген сияқты", - деп қорқып қалған қала тұрғыны видеода.
Оқиға туралы куәгерлер еріктілерге хабарлап, итті ветеринарлық клиникаға жеткізуді сұраған. Бірақ санаулы минуттар соң, сол жерде ит өліп қалған, деп жазады басылым.
Бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Полицейлер жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, оның ішінде оқиға куәгерлері мен қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Рудный қаласы әкімдігінің мәлімдемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2189234-rudnyida-podezde-itti-pyshaqtagan-politseiler-kudiktilerdi-izdep-zhatyr/