Ақтауда бір жасар бала шомылдырып жатқан кезде көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақтауда бір жасар бала жуынатын бөлмеде шомылдырып жатқан кезде шетінеп кетті. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Маңғыстау обылысы жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 4 қарашада тіркелген.
"4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түсті. Әкесінің айтуынша, сәби ес-түссіз жатқан. Шамамен 15-20 минут бұрын шақырту алдында баланы су толтырылған ваннаға ойыншықтармен отырғызған. Жедел жәрдем келгенше сәби белгісіз себептен көз жұмған. Шетінеген бүлдіршін туралы мәлімет "102" нөміріне берілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды. Шақалақтың көз жұмғанын Абай облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлім етті.
Денесінің 80 пайызын күйік шалған нәресте ауруханада шетінеп кетті. Қыз баланың шамамен дүниеге келгеніне екі-үш күн ғана болған. Бүгінде қылмыстық іс-қозғалып, анасы іздестіріліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2189613-aqtauda-bir-zhasar-bala-shomyldyryp-zhatqan-kezde-koz-zhumdy/