Павлодарда жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті
Жарияланған күні:
Павлодарда көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қарашада Қатаев көшесіндегі 36/2 үйдің алдында "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті өкілдері.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында жол бойында келе жатқан мас ауыл тұрғынын көлік қағып кеткенін хабарлаған едік. Ер адам ауруханаға жеткізілген.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қазанда Шарбақты ауылында болған.
Оқиға салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2189916-pavlodarda-zhurgizushi-zholdan-otip-bara-zhatqan-balany-qagyp-ketti/