Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат алқасы мен көлігін иемденген: Ақтөбеде қатыгездікпен кісі өлтірген ер адам 22 жолға сотталды

Жарияланған күні:

Балға ұстап тұрған судья
Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

Ақтөбеде пайдакүнемдік пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру ісі қаралды. Ер адам 22 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтірді деген айыппен У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 192 бабының 3 бөлігінің 2 тармағы, 99 бабының 2 бөлігінің 8 тармағы)

Сот сотталушы У.-дың жәбірленуші С.-ға шабуыл жасағанын, оның мойнына жүргізушінің қауіпсіздік белдігін орап, тұншықтырғанын анықтады. Жәбірленушінің 150 мың теңге тұратын алтын алқасын және Toyota Camry автокөлігін иемденді.

Бұдан әрі адам өлтіру ойы туындап, аталған автокөлікті иемдену мақсатында, автокөлікте бола отырып, жәбірленушінің мойнындағы қауіпсіздік белдігін тартуды жалғастырды. Көмек сұрап айқайлағанына қарамастан, ол тұншықтыруды тоқтатпаған және өмір белгілері тоқтаған кезде қауіпсіздік белдігін босатқан.

Әрі қарай ол марқұмның кім екені анықтауға қиындату үшін, оның бетін пышақпен кесіп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталарға тастап, қылмыс орнынан қашып кетті.

Сотта прокурор 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші мен оның адвокаты ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады. Сотталушы, адвокат және қорғаушы ақтауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталды.

Сот сотталушыға жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылығының жоқтығын және жас балалардың болуын назарға алды.

Қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау сот ауырлататын мән-жай деп таныды.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2190261-qymbat-alqasy-men-koligin-iemdengen-aqtobede-qatygezdikpen-kisi-oltirgen-er-adam-22-zholga-sottaldy/