Үш адам зардап шеккен: Астанада төрт көліктің қатысуымен жол апаты болды
Жарияланған күні:
Астанада Республика даңғылында төрт көліктің қатысуымен жол апаты болып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы елордалық полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Instagram-дағы Astana_brothers парақшасында Астанадағы Республика даңғылында ірі жол апаты болғаны туралы видео жарияланды. Кадрлардан апат орнында бірнеше көлік пен көп адам тұрғанын көруге болады.
Астаналық патрульдік полиция полкінің өкілдері жол апаты туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Toyota Camry жүргізушісі Республика даңғылымен келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетті, сол жерде ол Nissan Almera көлігімен соқтығысты, ол инерция бойынша Nissan Qashqai және Kia Cerato көліктеріне соқтығысты.
Апат салдарынан үш адам жарақат алды. Тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді полиция.
Еске салсақ, Қарағандыда Гоголь көшесінде төрт көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2190440-astanada-tort-kolikting-qatysuymen-zhol-apaty-boldy-ush-adam-zardap-shekti/