Алматыда жолаушымен жанжалдасып қалған қоғамдық көлік бақылаушысы пышақ жарақатын алды (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда жолаушылардың бірімен жанжалдасып қалған қоғамдық көлік бақылаушысы пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. 38 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің бақылаушысына пышақпен шабуыл жасаған 38 жастағы ер адамды ұстады.
Қылмыс қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында болған. Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан ер адамдар арасында жанжал шыққан.
"Содан кейін өтіп бара жатқан адам автобусқа жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. "Жедел жәрдем" бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару – асхана пышағы тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2190620-almatyda-zholaushymen-zhanzhaldasyp-qalgan-qogamdyq-kolik-baqylaushysy-pyshaq-zharaqatyn-aldy-video/