Алматы маңында жеңіл автокөлік ағашқа соғылып, төрт адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚаскелеңде жүргізуші рульге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"25 қарашада "Алматы-Бішкек" тасжолының 29-шақырымында келе жатқан Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашқа соғылды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.
Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Түрлі жарақат алған тағы үш адам аудандық ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2193141-almaty-mangynda-zhengil-avtokolik-agashqa-sogylyp-tort-adam-qaza-tapty/