Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Министрліктер үйінің жанында автобус өртенді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Астанадағы автобус өрті
Өртеніп жатқан автобус. Фото: t.me/qr_tjm

Астанада Министрліктер үйінің жанында қалалық автобус өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Желіде оқиға орнынан фотолар мен видеолар пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы минуттарда елордалық өрт сөндірушілер Есіл ауданы Мәңгілік ел даңғылында автобустың жануын сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында.

Кейінірек министрлік өрттің толық сөндірілгенін, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін елордада "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шыққан болатын.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

"Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. 7 қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2196248-astanada-ministrlikter-uiining-zhanynda-avtobus-ortendi-foto-video/