Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда жүк көлігі пойызға соғылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Бейнеу – Құлсары теміржол өткелінде пойыз бен жүк көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 23 желтоқсанда Бейнеу – Құлсары теміржол өткелінде жүк көлігі пойызға соғылған.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өкілдері.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Автоматты жылжымалы дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істейді. Оқиғаның алдын-ала себебі – жүргізушінің жол ережесін бұзуы", - делінген компания өкілдері.

Еске салсақ, биыл 15 қазанда СҚО-да Сарысу өткелінің маңында тепловоз бен локомотив соқтығысып, салдарынан жұмысшылар зардап шекті.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болды. Желіде пойыздың жүк көлігімен соқтығысқан сәті түсіп қалған видео пайда болды. Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде болған. Iveco маркалы жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2203710-batys-qazaqstanda-zhuk-koligi-poiyzga-sogyldy/