Алматыда жанжал кезінде 20 жастағы жігіт қаза тапты
Жарияланған күні:
Алматыда 20 жастағы жігіт жанжал кезінде қаза тапты. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"20 жастағы ер адамды өлтіру факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, таныстар арасында жанжал болып, олардың біреуі пышақ қолданған", - деп хабарлады полиция.
Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа мән-жайлар анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204406-almatyda-zhanzhal-kezinde-20-zhastagy-zhigit-qaza-tapty/