Ақтөбе облысында шағын электр станциясында ер адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖаңа жыл қарсаңында Ақтөбе облысында шағын электр станциясында ауыл тұрғыны көз жұмды. Ер адам жарықтың болмау себебін анықтағысы келгенде, оны тоқ соққан, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға 31 желтоқсан күні кешке К.Нокин ауылында болған.
"Жарық өшкен соң, тексеріп көру үшін 38 жастағы ер адам шағын электр станциясына барған. Оны электр тоғы соғып, қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Басылымның Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, шағын электр станцияда ер адамның денесі табылды деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өлімнің алдын ала себебі - электр тоғының соғуы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2207571-aqtobe-oblysynda-shagyn-elektr-stantsiiasynda-er-adam-qaza-tapty/