jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

СҚО-да білім бөлімінің басшысы ұсталды

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы ұсталды. Ол 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтің айтуынша, ауданда екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Пара орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілген.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ауданда құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған мердігер ұйымның делдалынан 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер - пара беруші де, пара алушы да - тергеу сотының санкциясынан қамауға алынды", - деп түсіндірді Айдос Жүнісов.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

СҚО-да білім бөлімінің басшысы ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.