Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерте қартаюдың себептері

Жарияланған күні:

Өз жасымыздан егде көрінбеу үшін теріні жасартатын түрлі кремдер жағып, бетімізге көптеген маскалар жасап жатамыз. Сұлулық екпелерін егіп, басқа да косметологиялық сиқырларға жүгінетініміз жасырын емес. Осылайша, бетіміздегі «кәріліктен» құтылғымыз келеді. Десе де, кейбір әдеттерімізбен өзіміз қартаюға қарай қадам жасап жатқанымызды ескере бермейміз.

Осы орайда anabol.kz назарларыңызға қартаюдың негізгі себептерін ұсынады.

1. Иықты тік ұстамау

Иықты тік ұстап, кеуде мен иекті көтеріңкіреп жүру - бет бұлшық еттерінің салбырап, мойынға ерте әжім түсуінің алдын алатын қарапайым ереже.

2. Судың жетіспеуі

Шай, кофе, газдалған сусындардың ешқайсысы да ағзадағы сұйықтықты тепе-теңдікте ұстап тұру процессіне қатыспайды. Сондықтан да күнделікті таңертең аш қарынға екі стакан су ішіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Тамақ алдында су ішу өте пайдалы.

3. Аз ұйықтау салдары

Дұрыс ұйықтамау, ұйқының қанбауы, сонымен қатар түнгі уақытта ұйықтамау көңіл-күйімізге ғана емес, денсаулығымызға да мол әсерін тигізеді. Түнде коллаген белсенді түрде түзіледі. Ал коллагеннің жетіспеушілігі терінің екі есе тез қартаюына себепкер болады.

4. Қабақтың түйілуі

Үнемі әлденеге көңілі толмай жүруі адамның бетінен-ақ білініп тұрады. Қабақтың түйілуі, көңіл-күйдің болмауы, реніш пен өкпе бет бұлшық еттерін тырыстырып, бет терісіне әжім түсіріп қана қоймай, кәрілік сызықтарының барынша ұлғая түсуіне себепкер болады.

5. Ұзақ уақыт тапжылмай отыру

Жұмыста күн ұзақ компьютер алдында, ал кешке үйге келгенде теледидар алдында тапжылмай отыру адамды тезірек қартайтып, көптеген ауруларға әкеп соқтырады. Сондықтан көбірек қозғалуға, кеңседе ауық-ауық дене жаттығуларын жасап тұруға әдеттеніңіз.

6. Беттегі макияжды жумай ұйықтау

Жуылмаған тональді крем терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, түрлі қабынуларға себепкер болады. Ал көз бояулары қабақтың, көздің айналасындағы жұқа терінің ерте қартайып, құрғап, әжімденіп кетуіне қолайлы жағдай туғызады. Тушь кірпікті сынғыш етеді.

7. Тұз бен қантқа құмарлық

Қант дегенде - ол сіздің шайға қосқан екі шақпағыңыз ғана емес, күнделікті тұтынатын ас мәзіріңіздің барлығында дерлік белгілі мөлшерде қант бар. Дәл сол сияқты тұз да тағамдардың бәрінде кездеседі.

8. Артық тамақтану

Тамақты «Әкем үшін бір қасық», «Анам үшін бір қасық» деп жеу балалық шақта қалғанымен, ол әдет бойымызда әлі бардай көрінеді. Өзіміз тойсақ та, көзіміз қимай, байқаусызда артық жеп қоямыз. Мұндай жаман әдеттен арылу керек. Артық тағамды қорыту үшін ағзаға мол күш түседі. Бұл да өз кезегінде қартаюға бір қадам жақындата түспек.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде көзі жойылған экстремистердің саны 13-ке жетті

Артында төрт баласы қалған әскери қызметкердің отбасы пәтер жалдап тұрады

Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды (фото)

Олжас Құдайбергенов Ақтөбедегі теракт туралы: Экстремистердің діннен хабары жоқ

Елге бір тиын салық төлемеген шоу бизнес өкілдері салық төлеуден әлі жалтарып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1152188-erte-qartayudynh-sebepteri/