RU

Ішімдік жыныстық қатынасқа қалай әсер етеді?

Ғалымдар жыныстық қатынасқа түсер алдында ішімдік ішудің зиян екенін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы limon.postimees.ee сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: GoRabbit
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: GoRabbit: UGC

Зерттеушілер ішімдік ер адамның сексуалдық белсенділігіне кері әсер ететінін алға тартты.

Ішімдіктен ағзадағы судың мөлшері азайып, бұл өз алдына жүйке жүйесі мен жыныс мүшесінің қызметіне кедергі келтіреді екен.

Ғалымдар, сонымен қатар жыныстық қатынасқа түсер алдында ішімдік ішу құштарлықты арттырмайтынын, тек адамның өзін еркін ұстауына себеп болатынын айтуда.

Сол себепті, төсек қатынасында ішімдіктен аулақ болған жөн дейді мамандар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1731150-isimdik-zynystyk-katynaska-kalaj-ser-etedi/