Түн ортасында оянып кету нені білдіреді?
Жарияланған күні:
Түн ортасында нақты бір уақытта оянып кететін кездеріңіз болатын ба еді? Мамандар бұл құбылыстың адамның психологиясымен тікелей байланысы бар екенін айтты деп хабарлайды esotericblog.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Таңғы 9-11 арасы
Бұл уақыт аралығында ояну - күйзеліс жайлы хабар беруі мүмкін. Сіз жиі қобалжисыз. Психолгтар мұндай кезде жиі демалып, сананы тазартуға кеңес береді.
Түңгі 21:00-01:00 арасы
Егер сіз осы аралықта жиі оянатын болсаңыз, демек, эмоционалды құлазуды бастан кешіріп жүрсіз. Бұл уақыт өт қабының белсенді жұмыс істейтін кезі, сондықтан, онымен біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл орайда сізге позитивті аффирмациялар мен өмірге деген оптимистік жоспар көмектесе алады.
Түңгі 01:00-03:00 арасы
Бұл уақытта оянған адам өзінің ашуын баса беріп, ішкі жанкүйзелісін сезінген. 1 мен 3 аралығында энергетикалық меридиан мен бауыр арасында байланыс орнатылады.
Таңғы 03:00-05:00 арасы
Аталған уақытта ұйқыдан тұру көңіліңіздің болмай жүрнгенінен хабар береді. Егер сіз таңғы 3 пен 5 арасында оянатын болсаңыз, бұл жоғарғы күштің сіздің санаңызбен байланысқысы келетінін білдіреді.
Таңғы 05:00-07:00 арасы
Таң атпастан ұйқыдан тұру - сіздегі психологиялық құлыптар жайлы сыр шертеді. Егер ерте тұрудың қажеті жоқ болса, ыстық душ қабылдап көріңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1785890-tn-ortasynda-oanyp-ketu-neni-bildiredi/