Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымның жан дауысы шыққанда қиналамын": Пәтер жалдап жүрген ана баласы үшін көптен көмек сұрады

Жарияланған күні:

Сал ауруына шалдыққан бала
фото: Жеке мұрағат

12 жастағы Еркебұлан Дүйсебай туа бітті сал ауруына шалдыққан. Үйдегі төрт баланың үлкені өздігінен аяғын басып, жүре алмайды. Дәрігерлер Еркебұланға үздіксіз ем қажет екенін айтуда. Алайда, ай сайын ұлын оңалту орталықтарына апару пәтер жалдап тұратын ата-анасы үшін қиынға соғуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркебұланның анасы Қаршыға Амантаеваны осы саладағы дәрігерлер жақсы таниды. Себебі, ұлын арқалап анасының бармаған жері, баспаған тауы жоқ.

"Ұлым 12 жасқа толды. Осы уақытқа дейін біздің өміріміз дәрігерлердің алдын жағалаумен, оңалту орталықтарына тырбанып ақша жинаумен өтіп жатыр. Көпбалалы ана ретінде алатын жәрдемақы да ештеңеге жете бермейді. Бүгінге дейін осы ұлымды қатарға қосамын деп, талай жерге бардым. Еркебұлан сал ауруының ең ауыр түріне шалдыққан. Сондықтан, үнемі оңалтуды талап етеді. Ал бұған біздің жағдайымыз келе бермейді. Ұлымның қиналғанын көру менің ана жүрегіме ауыр", - дейді Қаршыға.

Жақында волонтерлердің көмегімен Еркебұлан Алматыдағы оңалту орталығында ем алды. Осыдан соң баланың денсаулығында оң өзгерістер байқалған. Енді қала шетінде пәтер жалдап тұратын жанұя үшін кезекті рет ем алу қиынға соғуда.

"Еркебұланды уайымдап жүргенде, кіші қызымның да тілі шықпай, қорқыта бастады. Оны сөйлету үшін де стимуляция алдық. Қазір кішкентайым сәл де болса сөйлеп жүр. Мұның бәрі менің жүрегіме ауыр тиеді. Алла ешкімді баламен сынамаса екен. Ұлымның аяғы жазылмайды, ауырғанда жан дауысы шығады. Бұл дерт түбегейлі емделмесе де, баламның сырқатын жеңілдеткім келеді. Қасиетті Ережеп айында, қасиетті жұмада мейірімді жандардан жалынып көмек сұраймын", - дейді Еркебұланның анасы.

Еркебұланға көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi Gold номері: 8 705 602 49 19, анасы Қаршыға

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1955661-ulymnyn-zan-dauysy-syqqanda-qinalamyn-pater-zaldap-zurgen-ana-balasy-usin-xalyqtan-komek-surady/