Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымның өмірі бес мың долларға байланып тұр": 18 жастағы Әлішердің анасы баласын қатарға қосуды армандайды

Опубликовано:

Әлішер Жақсылық
фото: Жеке мұрағат

Бірнеше айдан бері Түркия емханасында қатерлі дертпен күресіп жатқан талдықорғандық Әлішер Жақсылықтың анасы халық көмегіне тағы да мұқтаж. Жақында 18 жастағы ұлына ота жасалып, қауіпті ісік алынды. Алайда, дәрігерлер рак қайтадан шаппауы үшін қымбат химиотерапия аса қажет екенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлішер 9-сыныптан бері аты жаман аурумен күресіп келеді. Алдымен күрделі лимфообласты лейкоз диагнозы қойылып, бірнеше рет химия және сәулелі терапия алған соң, рак клеткалары әлсіреген еді.

Алайда, араға аз уақыт салып, Әлішерден жұмыртқаның қатерлі ісігі табылды. Бұл оның ата-анасы үшін үлкен соққы болғаны анық. Бірнеше ай бойы мыңдаған долларды жинап, үйі мен дүние-мүлкін сатқан олар ұлын құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Жақында Әлішерге қымбат ота жасалып, жұмыртқадағы ісік алынды. Бірақ дәрігерлер қауіптің бетін түбегейлі қайтару үшін әлі бірнеше химиялық терапия алу керектігін ескертуде.

"Отадан соң ұлымыз аяққа тұрып, елге, үйімізге ораламыз деп қуандық. Алайда, мұндағы профессорлар қатерлі дертті түбегейлі жою үшін әлі де күресу керектігін айтады. Әлішердің жағдайында ота жасау өте қауіпті, тек химия және сәулелі терапиямен емделуі қажет еді. Бірақ рак бір жұмыртқадан екіншісіне өтіп кететіндіктен, тәуекелге барып, ота жасадық.

Қазір ұлымның жағдайы тұрақты. Десе де, интратекальді ем алуымыз керек. Бұл Әлішерге берілетін жоғары дозалы химиялық терапиялар. Осыған дейін емделіп шыққан ұлымның ауруы қайта қозған еді. Сол жағдай тағы да қайталанбас үшін жасалатын ем. Жалғыз ұлымның ең соңғы ем-домын қабылдап, қатарға қосылуына көмектесіңіздерші. Жұма күні сіздердің көмектеріңізге қатты мұқтажбыз. 12 мың доллар қаражат керек. Оның жартысынан көбі жиналды. Енді бес мың доллар бізге ауадай қажет", - дейді Әлішердің анасы Гүлнар Жомартбаева.

18 жастағы талдықорғандық Әлішер Жақсылықтың отбасына көмектесем деушілер үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi Gold: 8 705 366 81 10, Жомартбаева Гүлнар Тоқтарқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1957827-ulymnyn-omiri-bes-myn-dollarga-bailanyp-tur-18-zastagy-aliserdin-anasy-balasyn-qatarga-qosudy-armandaidy/

pixel