Ешкі сүтінің балаларға пайдасы мен зияны қандай

Опубликовано:

сүт
Ешкі сүтінің балаларға пайдасы мен зияны қандай: Pexels.com

Баланың күнделікті тамақ рационына ешкі сүтін енгізгіңіз келе ме? Көп адамдар ешкі сүтінің денсаулыққа пайдасы орасан зор екенін ежелден білген. Мәселен ол туралы алғашқы жазбалар ежелгі грек аңыздарында кездескен. Шын мәнісінде ешкі сүті – дәрумендерге бай, тіпті ана сүтін де алмастыра алатын теңдессіз сусын болып табылады. Десе де оның пайдалы қасиеттері көп болса да, кей жағдайда ол нәресте денсаулығына зиянын тигізуі де мүмкін. Осы орайда бүгінгі материалда ешкі сүтін қай уақытта ішкен жөн және қандай жағдайда одан бас тартқан абзал деген сұраққа жауап іздейтін боламыз.

Ешкі сүтінің балалар денсаулығына пайдаcы қандай?

Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын сәбилерді жасанды ұнтақ cүтімен емес, ешкі сүтімен өсірген. Себебі ешкі сүтін адамдар сиыр сүтіне қарағанда нәресте үшін жеңіл қорытылатын әрі пайдасы ұшын-теңіз сусын деп қарастырған. Ешкі сүті гипоаллергенді әрі ана сүтіне құрамы жағынан ұқсас келеді. Сол себепті шақалақтармен қатар ересектер үшін де ешкі сүті төмендегі қасиеттерімен пайдалы деп есептелген:

  • иммундық жүйені нығайтады;
  • асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • тірек-қозғалысы жүйесі жұмысын жақсартып, рахиттің алдын алады;
  • жүрек жұмысын жақсартады.

Ешкі сүтінің емдік қасиеті оның құрамымен тікелей байланыстырылады. Мәселен ешкі сүті отадан кейін немесе күрделі ауруларға шалдыққан науқастарға аурудан кейін денсаулығын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ал оның құрамында йодтың көп болуы балалардың әлі қалыптасып үлгермеген қалқанша безін қорғап, ми жұмысын жақсартады.

Егер балалар диабетпен ауырса немесе тағамнан уланып қалса, онда олардың диеталық тағамдарының қатарына дәрігерлер міндетті түрде ешкі сүтін қосады. Сондай-ақ ешкі сүті асқазан қышқылы шамадан тыс көп болған жағдайда, асқорыту жүйесі ағзаларының жұмысын жақсарту үшін де пайдаланылады.

Ешкі сүті
Ешкі сүтінің балаларға пайдасы мен зияны қандай: Pexels.com

Көптеген жас ана ешкі сүтін термикалық тазартудан өткізген кезде ол өзінің пайдалы элементтерінен айырылып қалады деп ойлап жатады. Десе де әрдайым шикі сүттің гельминттер, бактериялар мен инфекцияның ошағы болуы мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн.

Қайнатылған сүт өзінің кейбір пайдалы элементтерін жоғалтса да, ол стерильді таза болады әрі ағзаның қандай да бір ауруға шалдығуына жол бермейтін болады. Қайнатылмаған ешкі сүтін оның сапасы мен тазалығына күмән келтірмесеңіз, балаларға беруге болады.

Ешкі сүтінің балалар денсаулығына зияны бар ма

Ешкі сүті пайдалы болғанымен, оны шамадан тыс қолдану денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Оның пайдалы элементтері мен гипоалергенді құрамына қарамастан, кейбір жағдайда ешкі сүтін ішуге тыйым салынады. Мысалы:

  • дисбактериоз немесе ішектің дұрыс жұмыс істемеуі;
  • эндокринді жүйенің бұзылуы немесе нәрестеде артық салмақ болса;
  • ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуі;
  • бала денсаулығына байланысты ешкі сүтін ішуге болмайтын жағдайлар;
  • 9 айға толмаған нәрестелер.
сүт
Ешкі сүтінің балаларға пайдасы мен зияны қандай: Pexels.com

Көптеген жас ананың кейде сүті қайтып кетеді. Мұндай жағдайда ана сүті болмағанымен, сәбиді сүтпен қоректендірудің маңызы зор. Сол себепті осындай жағдайларда көбінесе ешкі сүтін пайдаланып жатады. Ол үшін ешкі сүтін 1:1 консистенциясында сумен араластырып берген дұрыс. Мұндайда келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Ешкі сүті кобальтқа бай болғанымен, онда фолий түзілімдері болмайды. Ал оның жеткілікті деңгейде болмауы бала ағзасында анемияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
  • Сүтте фосфор көп көлемде болатындықтан, сәбидің бүйрегіне салмақ түсуі мүмкін. Ешкі сүтіндегі калорий мөлшері 66,7 ккал/100 г болғанымен, ол ағзаға тез сіңеді. Липаза ферментінің болмауы салдарынан (майдың ыдырауына жауап береді) сүт майы ыдырамаған күйі қалады.

Ешкі сүтінің майлылығы — 4,6–5,4%-ды құрайды. Кей жағдайда балалар ешкі сүтін өзіне тән иісі мен дәмі үшін, ішпей жатады. Бұл ретте ешкі неғұрлым таза болса, оның сүті де дәмдірек болады. Мұндайға жол бермес үшін, ешкінің немен қоректенетінін, оның қожайындары қарапайым санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтайтынына көз жеткізу керек.

Егер сүтте қылшық немесе лайды көрсеңіз, мұндай сүттен бас тартқаныңыз абзал. Кейде тіпті ешкі малының қожайындары азғасында қандай да бір ақауы бар ешкінің сүтін сауып, сатып жатады. Үй жануарлары арасында ең көп тарайтын аурулардың бірі - бруцеллез.

Ешкі сүті – балалар ағзасын дамыту үшін, пайдалы әрі емдік қасиеті көп сусын. Алайда сәбидің тамақтану мәзірін жасағанда барлық факторларды ескеріп, бұл мәселеге зор жауапкершілікпен қарау керектігін ұмытпаңыз. Ең бастысы сәбиіңіздің жасы, нені қалайтынын, ағзадағы ерекшеліктерін ескеріңіз.

Ал егер ешкі сүтіне қатысты күмәніңіз болса, онда міндетті түрде педиатрмен кеңесіңіз.

Назар аударыңыз! Аталған материал тек ақпараттық сипатқа ие. Жоғарыда айтылған кеңестерді тек дәіргер рұқсатымен қолданғаныңыз жөн.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1970787-eski-sutinin-balalarga-paidasy-men-ziyany-qandai/