Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"25 жыл бойы жүрген": Дәрігерлер ақтаулық тұрғынның көз астынан әйнек сынығын алды (фото)

Опубликовано:

25 жылдан кейін алынған шыны
Фото: instagram.com/sofie_medgroup

Ақтауда жергілікті клиниканың дәрігерлері тұрғынның көз астынан әйнек сынығын алды. Бұл сынықпен ол 25 жыл жүрген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әйелдің көз астындағы әйнек сынығы 1997 жылы жол апатына түскеннен кейін қалып қойған.

"Оқыс оқиғадан кейін ол бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Кейін қалыпты өміріне оралған. Дегенмен үнемі көзінің асты ауырып, жас аға берген. Қаншама дәрігер мен түрлі мамандарға барғанынан еш нәтиже шықпаған", - дейді клиника қызметкері.

Тек 25 жылдан кейін кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің жақ-бет хирургі әрі тіс дәрігері әйелдің көз астында көлемі 5 миллиметрдей болатын әйнек сынығын барын анықтаған.

Сөйтіп, мамандар тұрғынның бетіне еш зақым келтірмей, әйнек сынығын алып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979060-25-zyl-boiy-zurgen-darigerler-aqtaulyq-turgynnyn-koz-astynan-ainek-synygyn-aldy-foto/