Іштегі және белдегі майды диетасыз қалай кетіруге болады
Жарияланған күні:
Іштің әдемі әрі артық салмақсыз болғанын көптеген әйел адам қалайды. Кейде тіпті ер-азаматтардың өзі артық салмақтан арылуға асығып жатады. Мұндайда артық салмақтан диетасыз қалай арылуға болады деген заңды сауал туындайды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі белгілі ғалымдардың кеңестерін назарға ұсынады.
Іштегі және белдегі майды қалай кетіруге болады: Пайдалы кеңестер
Бел мен іштегі артық майдан қандай да бір диетаны қолданбай-ақ арылуға болатынын көпшілік біле бермейді. Дегенмен артық салмақтан арылу үшін алдымен дұрыс тамақтануға көшу қажет. Егер сіз күн сайын тәттілер мен нан өнімдерін, шоколадтар мен кәмпитті көп жесеңіз, ешбір физикалық және күрделі жаттығулар артық салмақтан арылуда тиімді болмайды.
Осы орайда іштегі майдан арылып, көрікті бола түсуге көмектесетін тамақтанудың жеңіл ережелері бар:
- Күн сайын бір тәрелке балғын көкөніс пен жемістерді, дақылдардың бір түрін жеңіз;
- Тамақ рационына міндетті түрде дақыл түрлерін, грейпфрут, имбирь, ананас және лимонды қосыңыз;
3. Ақуызбен жеткілікті көлемде қоректеніңіз (жұмыртқа, майсыз ет, балық және сүт өнімдері);
4. Ішімдіктен, тәтті газдалға және пакеттегі шырындардан бас тартаңыз;
5. Жеткілікті көлемде су ішіңіз, мысалы тәулігіне - 2 л;
6. Тамақтанудың алдында салқын, газдалмаған 1 стакан су ішіңіз. Десе де шамадан тыс көп су ішудің де зияны бар екенін ұмытпаңыз. Сол себепті суды көп ішпестен бұрын, өз дәрігеріңізбен кеңескен абзал.
7. Қуырылған әрі ащы тамақтан бас тартыңыз. Тамақты асықпай, дұрыстап шайнап жеңіз. Сонымен бірге бөліп-бөліп тамақтануды әдетке айналдырыңыз, мысалы күніне 5-6 рет.
Дұрыс тамақтанудан бөлек мамандар мынадай шараларды қолға алуға кеңес береді:
- Денеңізді тік ұстап жүруді үйреніңіз, бүкіреймеңіз. Денеңізді тік ұстасаңыз, ішіңіз де ішке қарай тартылатын болады;
- Күн сайын іш массажын жасауды ұмытпаңыз. Іш терісін күн сайын өзіңізге қарай және ішке қарай тартыңыз, бұл жаттығуды 5 минут жасаңыз;
- Дәретханаға күніне 5-7 рет барыңыз. Кіші дәретке жиі бармасаңыз, ішіңізде артық салмақтың бар екені білініп қалады;
- Гормондарды бақылауда ұстаңыз. Гормоналдық жүйенің бұзылуы іш тұсында висцеральдік майдың пайда болуына әкеліп соқтырады.
- Беліңіздің астына орамалды орап және аяғыңызды көтеріп, күн сайын 20 минуттан жатыңыз.
Іштегі майдың ыдырауына және ондағы бұлшық еттердің қатаюына түрлі SPA-процедуралар да әсер етеді. Олардың ең тиімділеріне мыналар жатады:
- апта сайын монша мен сауна, хамамдарға бару;
- ішке шоколад немесе батпақ жағу;
- SPA-капсулада болатын процедуралар кешені;
- гидромассаж.
Сонымен бірге қанша келі тастаңыз да, аз уақытта артық салмақты қайтадан жинамайтыныңызға ешкім кепіл бола алмайды. Сол себепті диетологтар мен фитнес-тәлімгерлер – артық салмақтан асықпай, бірақ күн сайын жаттығу жасап арылған дұрыс дейді. Мұндай жағдайда артық салмақты тез жинамайсыз әрі сымбатыңыз жинақы болады.
Іштегі және белдегі майды қалай кетіруге болады?
Іштегі майдан физикалық жаттығулар арқылы арылуға болатынын білесіз бе? Егер спорт залға баруға мүмкіндік болмаса, шеберлер үйде арнайы құрылғысыз арылуға болатын жаттығулар кешенін ұсынады. Айта кетерлігі, спортпен айналысу бәріне бірдей келе бермейді. Кей адамдарға мұндай жаттығулармен айнылысуға тыйым салынады. Сондықтан жаттығуларды бастамастан бұрын, білікті маманмен кеңесіп алуды ұмытпаңыз.
Белдегі және іштегі майдан арылуға көмектесін жаттығулар кешеніне мыналар жатады:
- Іш вакуумы. Күн сайын лимон шырыны бар бір стакан судан кейін, аш қарынға жасап көріңіз. Ішті ішке тартып демалып, сосын демді сыртқа шығарыңыз, алайды жаттығуды ішпен жасауды қадағалаңыз. Демді 10 секундқа тартып, кейін ішіңізді босатыңыз. Осы жаттығуды тоқтамастан 5-7 рет қайталаңыз.
- Белді бір орында қозғалмай тұрып, оңға және солға бұрыңыз. Осы жаттығуды 20 рет қайталаңыз.
- Белді айналдыру. Алдымен бір жаққа, кейін тағы бір жаққа айналдырып көріңіз. Жаттығуды 5 минут бойы жасаңыз.
- Қайшы жаттығуы. Жерге жатып, қолыңызды саныңыздың астына қойыңыз. Сосын аяғыңызды 10-20 см-ге көтеріңіз. Сосын қайшы сияқты аяғыңызды айқастырып жаттығу жасаңыз, осы жаттығуды 20-25 реттен күн сайын жасаңыз.
- Велосипед жаттығуы. Аяғыңызды жоғары қарай көтеріңіз. Қолыңызбен басыңыздан ұстаңыз. Аяғыңызбен велосипедтің педалін басқандай қозғалыс жасаңыз. Осы жаттығуды 5 рет, әрқайсысында 20 реттен орындаңыз.
- Қолыңызды басыңыздың артына қойып, сол жақ шынтағыңызды оң жақ тізеге, ал оң жақ шынтағыңызды керісінше сол жақ тізеңізге жеткізіңіз. Осы жаттығуды күніне екі рет 10 реттен жасаңыз. Жаттығулар арасы 30 секундтан кем болмауға тиіс.
- Пресс жасау. Күн сайын қолыңызды басыңыздың астына қойып, сосын денеңізді көтеріп, пресс жасауды ұмытпаңыз. Бұл жаттығуды күн сайын кем дегенде 5 минут бойы орындаңыз.
Күн сайын дұрыс тамақтанып, уақытында ұйықтап, таза ауада көп жүрсеңіз, бұл жаттығулар міндетті түрде пайдалы болады. Ал үнемі ұйқыңыз қанбай, ағзаңыз оттегіге мұқтаж болса, немесе күйзелісте жүрсеңіз, керісінше, тағы да артық салмақ қосуыңыз мүмкін. Бастысы аталған жаттығуларды жасап көріңіз, бәлкім көп ұзамай іштегі әрі беліңіздегі артық салмақтан арылатын боласыз.
Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Аталған жаттығулар мен диета түрлерін тек дәрігер кеңесімен ғана қолдануға болатынын естен шығармаңыз!
Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова
Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979879-istegi-zane-beldegi-maidy-dietasyz-qalai-ketiruge-bolady/