Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұл миф емес: диетолог майсыз сүт өнімдері денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндірді

Жарияланған күні:

сүт өнімдері
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетолог Елена Соломатина майлы сүт өнімдерінің пайдасы мен майсыз өнімдердің зияны туралы айтты. Маман барлық нәрседе тепе-теңдікті ұстану қажеттігін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі 5-tv.ru-ге сілтеме жасап.

Елена Соломатина адам ағзасы үшін майдың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Майсыз сүт өнімдерді ғана тұтыну ақылға қонымсыз, өйткені біздің ағзамыздағы майдың күрт азаюы жыныс гормондары яғни стероидты гормондар бөлінісінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Май болмаса жасушаның бөлінуі мүмкін емес, жасуша мембраналарының түзілуі де, мидың қалыпты жұмыс істеуі де мүмкін болмайды", – дейді маман.

Диетологтың сөзінше, майы жоқ өнімдерге өндірушілер дәм беру үшін ағзаға зиянды қант, хош иісті дәмдеуіштер және басқа да зиянды заттар қосады. Себебі майсыз өнімдерді тұтынған кезде ағза жетіспейтін компоненттерді үнемі қантпен толтырып отыруды қажет етеді дейді маман.

Ал майы бар сүт өнімдерін тұтынғанда ағза қант іздемейді. Сондықтан құрамында майы бар өнімдердің денсаулыққа зияны азырақ көрінеді.

Маманның айтуынша, майлар біздің ағзамызға энергия береді. Азық-түліктегі майдың қалыпты мөлшері екіден бес пайызға дейін болады. Егер одан жоғары болса, онда мұндай өнімді алу қажет емес.

"Өте майлы тағамдарды тұтынудың қажеті жоқ, сондай-ақ майсыз тағамдар да зиянды, сондықтан сіз тепе-теңдікті сақтауыңыз керек", – дейді Елена Соломатина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1983248-bul-mif-emes-dietolog-maisyz-sut-onimderi-densaulyqqa-qansalyqty-ziyan-ekenin-tusindirdi/