Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адыраспанның қандай емдік қасиеті бар

Жарияланған күні:

Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе
Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе: pixabay.com

Халқымызда адыраспанмен үйді аластап, тазалайтын жандар жетерлік. Ел арасында тіпті адыраспанның емдік қасиеттері бар деп жатады. Дәрілік шөптің қандай емдік қасиеті бар? KAZ.NUR.KZ аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, ежелде көптеген Шығыс халқы адыраспанды тек дәрілік шөп қана емес, оны зұлым күштерден қорғайтын қасиетті дәрілік өсімдік деп сенген. Сонымен адыраспанның қандай қасиеті бар? Төменде тарқатып жазатын боламыз.

Адыраспан қандай өсімдік

Адыраспанның ежелден бірнеше аты болған. Кей елдерде оны дала өсімдігі, жабайы шөп, зират өсімдігі, ит сусыны және т.б. деп атаған. Бұл көпжылдық өсімдік әсіресе Орталық Азияның, Ресейдің Еуропа бөлігінің оңтүстігінде, Оңтүстік Еуропада, Шығыс Африка мен Таяу Шығыста, Қытай мен Моңғолияда көп өседі.

Халқымыз адыраспанда күні бүгінге дейін қасиетті шөп деп санайды. Мәселен, кейбіреулер адыраспанды бір шоқ қылып жинап, көз тимесін деген ниетпен босағаға іліп қойса, енді бірі дәрілік өсімдік үйдегі түрлі вирустар мен микробтарды жояды деп сеніп, адыраспанмен үйді аластап жатады. Ал кей адамдар адыраспанды дәрілік шөп ретінде қолданады. Десе де, мамандар адыраспанды шамадан тыс қолданса, ол дәрілік шөппен бірге у да болуы мүмкін деген болжам айтады.

Адыраспанның емдік қасиеттері

Адыраспанды халықтық Шығыс медицинасында әлі күнге дейін емдік мақсатта қолданады. Мысалы ревматизм, тері ауруларында өсімдікті ваннаға салып, соған суға түссе, өсімдіктің дәнін өтті тазартатын құрал ретінде пайдаланады.

Сол сияқты адыраспан дәндерінің қайнатпасы астма мен ауа жетпеген кезде пайдалы деген ақпарат бар. Ал емдік шөптің жапырақтарынан жасалған шайды бүйрек ауруларына, тіс жегісі ісінгенде қолданады. Сонымен бірге оны ұйықтатушы дәрі ретінде де қолданады.

Мамандар өз зерттеулерінде адыраспанның құрамында гармалин барын анықтаған. Олардың пікірінше, гармалин ағзадағы бұлшықеттерді жұмсартып, жүрек қағысын бәсеңдетеді.

Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе
Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе: pixabay.com

Адарыспанның зұлым күштерден қорғайтыны рас па

Көптеген адам үйді адыраспанмен аластаса, босаға тазарып, үйді қара күштерден қорғайды деп сенеді. Сонымен бірге, адыраспанды шамадан тыс көп мөлшерде қолданса, адам есін білмей, көзіне әлденеңелер елестейді деген сенім бар.

Ал кей деректерде ежелде моңғол халқы адыраспанды у ретінде пайдаланған деп жазылған. Олар дұшпанның аяқ киімінің табанын адыраспанмен сүртсе, бірнеше күннен кейін адам өледі деп сенген.

Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе
Адыраспанның ел білмейтін емдік қасиеттерін білесіз бе: pixabay.com

Дегенмен, мамандар адыраспанды көп көлемде пайдаланса, тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылуы, құсу, ұйқы келу, көзге елестеу, сілекей ағу, дірілдеп-қалшылдау, қан қысымының жоғарылауы сынды ауру белгілері пайда болуы мүмкін екенін айтады. Сол себепті аталған өсімдікті пайдаланғанда сақ болған жөн, ең дұрысы кез келген дәрілік өсімдікті қолданбастан бұрын, алдымен өз дәрігеріңізбен кеңес алу керек дейді мамандар.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Жоғарыда айтылған кеңестерді міндетті түрде дәрігер рұқсатымен ғана қолдану керектігін ұмытпаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1997150-adyraspannyn-qandai-emdik-qasietteri-bar/