Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаю процесін тездетеді": диетолог кофенің бет терісі үшін кері әсерін тізіп берді

Жарияланған күні:

кофе
Кофе. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Диетолог Лиза Московиц жастықты сақтап қалуда кофенің кері әсері туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Диетологтың сөзінше, таңғы асқа бірден кофе ішу қартаю процесін тездетеді. Толық таңғы астың орнын кофемен де алмастыруға болмайды. Өйткені, таңертең аш құрсақ жұмысқа не сабаққа кету күндіз артық тамақ жеуге себеп болады.

Маманның айтуынша, таңғы ас - адамға қуат беретіндей тойымды болу керек. Ол үшін таңертен құрамында ақуыз және жасұнық бар өнімдерді пайдаланған абзал.

Сондай-ақ, Лиза Московиц судың орнына кофе ішу де дұрыс емес екенін айтады, өйткені кофені шамадан тыс тұтыну ағзадағы су балансының бұзылуына әкеледі.

Ал денедегі сұйықтықтың жеткіліксіздігі терінің сапасына кері әсер етеді, энергия деңгейін төмендетіп, қоректік заттардың сіңуін баяулатады.

Диетологтың пікірінше, сапалы ұйқы – жастықтың "кілті". Сондықтан кешке де кофеині бар сусындарды ішпеген дұрыс.

"Егер құрамында кофеині бар сусынды ұйықтауға аз уақыт қалғанда ішсеңіз, салдарынан түнгі ұйқы бұзылады. Нашар ұйқыдан ағзаның қалпына келу процесі баяулайды, иммундық жүйе әлсірейді, көңіл-күй мен метаболизм бұзылады", – дейді Лиза Московиц.

Сонымен қатар, маман кофеге майлы кілегей мен қант қоспаған жөн екенін атап өтті. Себебі, олар сусынның калориясын жоғарылатады. Қантты шамадан тыс тұтыну да қартаю процесін тездетеді, тері мен тіске кері әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1997491-qartayu-procesin-tezdetedi-dietolog-kofenin-bet-terisi-usin-keri-aserin-tizip-berdi/