Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фитнес-жаттықтырушы артқа қарай жүрудің денсаулыққа пайдасын айтты

Жарияланған күні:

жүру
Жүріп келе жатқан адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі фитнес-жаттықтырушы Джер МакНамара артқа қарай жүру бел мен табанға түсетін ауырсынуларды азайтынын айтты. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Маманның сөзінше, адам белсенді өмір салтын ұстанбаған күннің өзінде күн сайын 10 минут серуендесе, денсаулыққа тиер пайдасы мол.

Джер ағза үшін жүру қиын процесс екенін айтады. Себебі адам тігінен тұру үшін, көру, вестибулярлық аппарат және проприоцептивті жүйе арасындағы үйлестіру дұрыс болу керек.

"Біз артқа қарай жүргенде миға аталған жүйені үйлестіру үшін көп уақыт керек", - дейді фитнес-жаттыртырушы.

Джердің айтуынша, артқа жүрудің ең басты пайдасы – денедегі тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адам артқа қарай жүргенде қысқа әрі жиі қадам жасайды, ол өз кезегінде буындарға түсетін салмақты азайтатын көрінеді.

Джердің сөзінше, артқа жүру кезінде денені сәл шалқайтсақ, фасциит әсерінен табанға түсетін салмақ та азаяды. Сондай-ақ артқа қарай жүргенде омыртқа тұсына тірек болатын бұлшықеттерге де көбірек салмақ түсетін көрінеді. Сондықтан мұндай жүріс әсіресе белі ауыратын жандарға пайдалы дейді маман.

"Жай жүріске қарағанда, артқа қарай жүргенде 40 пайызға энергияға артық жұмсалады. Артқа қарай жүруді енді бастап жатқан адамдар, алдымен жаттығуды бөлме ішінде бастағаны дұрыс. Себебі адам үйренгенше, бөлме іші оған басқа біреулермен соқтығыспауға мүмкіндік береді", - дейді фитнес-жаттықтырушы.

Джер артқа жүрудің үйренген соң, дәл осылай жүгіруге де болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2000218-fitnes-zattyqtyrusy-artqa-qarai-zurudin-densaulyqqa-paidasyn-aitty/