Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер буын үшін ең пайдалы ботқаларды атады

Опубликовано:

Таңғы ас. Ботқа
Ботқа. Фото: Рexels.com

Диетолог Елена Соломатина буын үшін ең пайдалы ботқаларды атады. Оның сөзінше, жармаларда буынның саулығы үшін маңызды қоректік заттар бар. Сондықтан ас мәзірін түрлендіріп, ара-арасында ботқа пісіріп тұрған жөн. Буынға нақты қандай ботқалар пайдалы екенін ол Life.ru сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елена Соломатинаның айтуынша, сүйек, буын үшін ағзада марганец элементінің жеткілікті болуы маңызды.

"Ол коллаген синтезіне қатысады, қабынуды, тотығу стрессін азайтады. Марганец тарыда жеткілікті. Ал шеміршектің дамуы үшін кремний қажет, өйткені шеміршекте коллаген бар. Сондай-ақ кремний басқа да пайдалы элементтердің сіңуіне көмектеседі. Арпа жармасында кремний көп", - дейді ол.

Дәрігердің сөзінше, омега-3 май қышқылдарына бай зығыр ботқасы да буын үшін өте пайдалы.

"Көпшілік балықты ғана осы пайдалы заттың көзі деп үйреніп қалған. Негізі зығыр ботқасы да омега-3 май қышқылдарына бай. Алайда, мұндай жарманы үнемі тұтынуға болмайды, буындағы қабынудан арылу үшін аптасына екі рет жеу жеткілікті. Себебі, омега-3 қабынуға қарсы қасиетке ие", - дейді Елена Соломатина.

Десе де, диетолог ең алдымен буындардың неліктен ауыратынын білу маңызды екенін атап өтті. Ол буындар кейде адамның жасына байланысты болатын өзгерістерге немесе жарақаттың салдарынан ауыруы мүмкін екенін еске салды.

"Бірақ кез келген жағдайда шеміршек тіні бұзылатынын ескерсек, онда қажетті компоненттерді толтыру керек: яғни магний, кальций, В дәрумендері қажет. Ол буындардың қалпына келуіне көмектеседі", - дейді Елена Соломатина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2006561-dariger-buyndarga-en-paidaly-botqalardy-atady/

pixel