Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте теміржол бойында күйіп қалған 10 жасар балаға 19 рет операция жасалды

Жарияланған күні:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік дәрігерлер теміржол бойында күйіп қалған 10 жасар баланың терісін 13 рет ауыстырып, 19 ота жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің ресми Telegram парақшасы хабарлады.

Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді. Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шекті.

Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді. Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы айтып берді.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды", - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2017856-symkentte-temirzol-boiynda-kuiip-qalgan-10-zasar-balaga-19-ret-operaciya-zasaldy/