Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық онколог дәрігер қандай тағам қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екені туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тағам
Тағам. Көрнекі сурет: pexels.com

Кейбір тағамдар қатерлі ісіктің (рак) дамуын тудыруы мүмкін. Бұл туралы "Алматы онкология орталығының" скринингтік-диагностика бөлімінің меңгерушісі Сұлу Садықова айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Онколог дәрігердің айтуынша, фастфуд, жартылай фабрикаттар, шұжықтар, консервілер, газдалған сусындар, маргарин, чипсы және снектерді тұтыну мөлшерін азайту керек. Өйткені мұндай өнімдер денсаулыққа қауіпті болуы ықтимал және болашақта қатерлі ісік ауруының дамуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ Сұлу Садықова қатерлі ісік ауруының дамуына тағамды дайындау тәсілі де әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, картофель фриді көп мөлшердегі майда және жоғары температурада қуырған кезде акриламид түзіліп, ол канцерогенге (қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттектер) айналуы ықтимал.

Ал кей көкөністер керісінше, онкологиялық аурулардың дамуының алдын алуға көмектесуі мүмкін дейді дәрігер. Мәселен, брокколиде қатерлі ісікке және бактерияға қарсы әсері бар сульфорафан бар, ал қызыл бұрышта қатерлі ісіктің даму қаупін азайтатын капсаицин көп.

Айта кетелік, бұған дейін онколог-хирург, дәрігер Абай Жұманов темекі шегу мен қызыл ет тұтыну тоқ ішектегі қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022009-almatylyq-onkolog-dariger-qandai-tagam-qaterli-isik-auruyn-tudyruy-mumkin-ekeni-turaly-aitty/