Дәрігер ұзақ уақыт бойы ықылық ату қауіпті дерттерге әкелетінін айтты
Жарияланған күні:
Ұзақ уақыт бойы ықылық ату адамның қатерлі ісікке шалдығып, инсульт алу қаупінен хабар береді. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Невролог Наталья Шиндряеваның мәліметінше, ықылықтың қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін.
Ықылық ату диафрагманың еркінен тыс қозғалысынан пайда болатын табиғи құбылыс. Әдетте ықылық тез кетіп қалады да, айтарлықтай қиындық туғызбайды. Көп жағдайда бұл процесс 15 минуттан аспайды. Ал диафргаманың еркінен тыс қозғалысы қатты ыстық немесе суық тамақтарды жегенде, газдалған шырындар мен алкоголь өнімдерін ішкенде, шамадан тыс тамақтанғанда және стресс кезінде пайда болады.
Алайда ықылық екі тәуліктен асып, бірнеше айға созылатын кездер болады. Дәрігер бұл жағдай қауіпті аурулардың белгісі екенін айтады. Әсіресе, ықылық орталық жүйке жүйесі, диафрагма, диафрагмалық жүйкенің бұзылғандығын көрсетеді.
Ал ықылық хабар беретін ең қауіпті дерттер - инсульт, өңештің қатерлі ісігі, склероз, Паркинсон дерті, энцефалит, нейросифилис, пневмония және бас жарақатынан мидың зақымдалуы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2025487-dariger-uzaq-uaqyt-boiy-yqylyq-atudyn-qauipti-dertterge-akeletinin-aitty/