Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Артық салмақтан арылуға көмектеседі": дәрігер ұйықтар алдында лимон жеудің пайдасын айтты

Жарияланған күні:

Лимон
Лимон. Көрнекі фото: Рexels.com

Ұйықтар алдында лимон жеу ағазаға өте пайдалы. Ол сізді вирустық аурулардан қорғайды, иммундық жүйеңізді нығайтады және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Бұл туралы Алматы қаласының №2 қалалық емханының жалпы тәжірибелік дәрігері Ерназ Баритов айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұйықтар алдында жеген лимон барлық зат алмасу процесін жылдамдатады, зат алмасуды жақсартады. Соның арқасында адам арықтайды. Лимон шырыны күні бойы жеген калорияны белсенді түрде ыдыратады. Ол үшін кешке лимонның бір-екі тілімін жеу жеткілікті. Ал ең дұрысы – лимонды сығып, шырынын бір стақан суға араластырып ішу", – дейді дәрігер.

Одан да жақсы нәтиже қаласаңыз, дәрігер лимон шырыны қосылған қышқыл суға бал қосуды ұсынады, ол да зат алмасуға жақсы әсер етеді дейді маман.

"Лимон қосылған бір стақан су ішу ағзадан сұйықтықтың тез шығуына ықпал етеді, ісінуден арылтады. Лимон қандағы қант деңгейі мен аштық сезімін азайтады. Ішек микробиомындағы оң өзгерістердің арқасында ас қорыту және көңіл-күй жақсарады", – деп түсіндірді Ерназ Баритов.

Десе де, маман лимон шырынын таза күйінде ішуге болмайтынын атап өтті.

"Онымен сіз тез арықтай алмайсыз, керісінше асқазанға зиян келтіресіз, өйткені көп мөлшердегі қышқыл шырын ағздағы қышқыл деңгейіне кері әсер етеді", – дейді Ерназ Баритов.

Сондай-ақ маман лимон жеген соң немесе лимон суын ішкеннен кейін үнемі тісті тазалау қажет екенін айтады, өйткені лимон шырыны тістің эмалін зақымдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2025867-almatylyq-dariger-uiyqtar-aldynda-limon-zeu-agzaga-qalai-aser-etetinin-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif